НАТО-ның Қазақстанмен қатынастары
НАТО мен Қазақстан демократиялық, институционалдық және қорғаныс реформалары аясында белсенді түрде ынтымақтастық жүргізеді және басқа да салаларда практикалық ынтымақтастықты дамытады. Серіктестік әрекеттерінің жеке жоспарында (ИПАП) Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы баяндалған. Жоспарлау және сараптау үрдісі (ПАРП) қауіпсіздікпен сабақтас салаларда ынтымақтастық жүргізуге ықпал етеді.
Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасына және ағымдағы бірлескен шараларға белсенді түрде араласады. НАТО-ның Қазақстанмен ынтымақтастығы тұрақты түрде дамуда және ол осы мемлекеттегі реформалар үрдісіне ықпалдасуға бағытталған.
Ынтымақтастық қалай іске асады?
Диалог Еуроатлантикалық әріптестік кеңесі (ЕСК) аясында жүргізіледі. НАТО бас хатшысының Кавказ бен Орталық Азиядағы арнайы өкілі елші Роберт Ф. Симмонс Қазақстанға жүйелі сапарлар барысында мемлекет басшылығымен жоғары деңгейде саяси диалог жүргізеді. Сондай-ақ, НАТО-ның Орталық Азиядағы байланыс және өзара әрекеттестігі бойынша қызметкері де Астанаға тұрақты түрде сапар шегіп, үкіметпен ынтымақтастық мәселелерін қарастырып тұрады.
НАТО мен Қазақстан Әріптестік әрекеттерінің жеке жоспары (ИПАП) арқылы бірқатар салаларда практикалық ынтымақтастықты дамытады. Екіжылдық мерзімге бекітілетін ИПАП құжатында Қазақстан реформаларының жоспарларын және мерзімдік кестелерін ұсынады.
Ағымдағы ИПАП 2006-2008 жылдар аралығын қамтиды. Саяси, әскери және қауіпсіздік саласындағы реформалар оның негізгі бағыттары болып табылады. НАТО белгілі мәселелер бойынша кеңес беру және нақты ықпалдастық көрсету арқылы Қазақстанға аталмыш реформаларды іске асыруына қолдау жасауға келіседі. Демократия, адам құқықтары және құқықтық мемлекет дамуына, сондай-ақ, тұрақты әлеуметтік және экономикалық дамуға ықпалдасу мақсатында Қазақстан үшін бүгінгі таңдағы басымдықтар қатарына мемлекеттік және жекеменшік сектордың түрлендірілуі жатқызылады.
Қосымша…
Қазақстанмен қарым-қатынастар қалай дамыды?
НАТО-Қазақстан қатынастары 1992 жылы Қазақстанның Солтүстікатлантикалық ынтымақтастық кеңесіне (1995 жылы Еуроатлантикалық серіктестік кеңесі болып өзгертілді) кіруімен басталды. Ынтымақтастық аясы кеңіп, 1995 жылы Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасына қосылды. 2002 жылы Қазақстан Жоспарлау және сараптау үрдісіне (ПАРП) араласып, әскери және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңітті. 2005 жылы Қазақстанның алғашқы Серіктестік әрекеттерінің жеке жоспары (ИПАП) жасалғаннан кейін, ішкі реформалық үрдістерге баса назар аударылды.
Қосымша…